Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш базарында бойжеткен тұрғынның телефонын үптеп кетті

Сарыағаш базарында бойжеткен тұрғынның телефонын үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғыннан арыз түседі. Ол өз арызында базарлардың бірінде ұялы телефоны ұрланғанын жеткізеді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрады.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын бойжеткен болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жас қыз  жәбірленушінің ұялы телефонының аузы ашық пакетте тұрғанын көріп, ешкімнің назар аудармай тұрғандығын пайдаланып, тез арада оңай олжасын қалтасына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сондай-ақ осы уақыт аралығында өзі қолданып жүргенін мойындады. Осылайша күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру