Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер шекарадан есірткі алып өтпек болған күдіктілерді құрықтады

Түркістан облысы полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған күдіктілерді құрықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда көзге көрінбей қоғамға бірте-бірте еніп, ішінен бүлдіріп жатқан аурудың бірі – адамзаттың есірткі құрбаны болуы. Есірткінің зияны мен зардаптары қанша айтылып, жазылып жүр. Алайда, оны қолданушылар саны
азаяр емес. Кейбіреулер бұған еріккеннен барса, келесілері заңсыз, зиян нәрсені сатып, пайда табады. Сондықтан полицейлер есірткі саудасымен
айналысатын және қолданушылармен күресті қатаңдатуда.
Есірткіні немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, имеденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату әкімшілік және қылмыстық
жауаптылыққа әкеп соғатыны баршаға мәлім.
Мәселен, 16.02.2020 жылы Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің
полицейлері «Жібек жолы» шекара бақылау-өткізу бекетінен Өзбекстан Республикасына өтіп жатқан Қазақстан азаматын қызметтік иттің көмегімен ұстады. Тексеру барысында полицейлер азаматтың киімінің ішкі жағына
жасырылған 1 дана қағазға оралған жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдікті тауып, тәркілеп алды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат, салмағы 1 граммға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, күдікті полиция бөліміне жеткізілді. «Бас шарасы «қолхатта».
Бұдан бөлек, 17.02.2020 жылы аудандық полицейлер «Линда» атты қызметтік иттің көмегімен тағы бір күдіктіні ұстады. Бұл жолы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан Тәжікстан Республикасының азаматы құрықталды. «Линда» иісті сезіп, белгі беріп, оны полицейлер тексеру барысында күдікті шетелдік азаматтың сол аяғындағы шұлығының ішінен қағазға оралған жасыл түсті, хош иісі бар есірткі тектес зат
шығып, айғақты зат тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат «Конабис шайыры» екендігі анықталды. Салмағы 1,5 граммды құрады. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Күдікті қамауда.
Дәл осы күні Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне КПБ-нің қызметкерлеріне сағат шамамен 21:43-те жергілікті тұрғынның есірткі сақтап жүргендігі туралы хабарлама келіп түседі. Ақпарат бойынша тәртіп сақшылары тез арада әрекет етіп, тұрғынды тексеру барысында оның спорттық шалбарының қалтасынан жасыл түсті есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысымен, айғақты зат«кептірілген марихуана» екендігі айқындалды. Салмағы 24 граммды құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не
енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 296-бабымен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.Қылмыстың өтеуі – жаза. Түркістан облысы полицейлері күні-түні жұмыс жасап, кез-келген заңға қайшы келетін жағдайларды болдырмау мен алдын алуда адал қызмет атқаруда. Түркістандық сақшылар есірткіге
құмарларды үзілді-кесілді тоқтату үшін күнделікті отбасыда, мектепте, қоршаған ортада өскелең ұрпаққа оның зиянын айтудан жалықпай, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кеңес береді. Жаман әдеттерден, денсаулыққа зиянды заңсыз заттарды қолданудан бас тартуды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру