Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

300 бас ұсақ малмен жайылымға шыққан жұмысшы жоғалып кетті

Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталып,Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны табылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарма ауданының полиция бөліміне 2020 жылдың 19 ақпан сағат 16-41-де
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы 8 март ауылының жанында орналасан «Алтыбай» ш/қ меңгерушісі хабарласып осы жоғарыда аталған «Алтыбай» ш/қ жұмысшысы 19 ақпан 2020 жылы таңертенгі сағат шамамен 09:00 атқа отырып 300 бас ұсақ малын жайылымға айдап шығып, боран салдарынан қазіргі уақытқа дейін байланысқа шықпай отырғаны туралы хабарлаған.
Іздестіру жұмыстары 2020 жылы 19 ақпан күні 19 сағат 50 минутта
басталды. Жалпы іздестіру жұмыстарына Жарма аудандық полиция бөлімшесінен 8 қызметкер, 1«УАЗ» маркалы және 1 «Нива» маркалы автокөлігі, Жарма аудандық әкімшілігінен 1  УАЗ ПИКАП автокөлігіне тіркегіш тіркеп 1
қар шанамен, Жарма ауданы төтенше жағдай бөлімшесінен УАЗ автокөлігімен 2 адам, Семей қаласының құтқару отрядынан 2 дана МАРШ нива автокөлігімен 4 адам, Белтерек ауылынан 5 адам 1 дана жеңіл автокөлік және 1 дана қарашана, 8 март ауылынан 8 адам ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жоғалып кеткен малдар
табылып, іздестіру жұмыстары 14 сағат бойы жалғасты. 20 ақпан күні 2020
жылы сағат 09-52-де жоғалып кеткен адам «Аружан» ш/қ 10 шақырым жерде
табылды.
Қазіргі уақытта ш/қ жұмысшысының жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру