Түркістандық полицейлер террористік тұрғыдан осал нысандар бойынша кездесу өткізді
Түркістандық полицейлер террористік тұрғыдан осал нысандар бойынша кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осы жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, заңнама талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттеу бөлігінде енгізілген өзгерістерді түсіндірді және объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды орындау қажеттігі туралы объектілердің басшылары мен меншік иелеріне ескертті.
Атап айтқанда, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3-бабына (Террористік іс-әрекеттің алдын алу) сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары олардың терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес іске асыруға міндетті.
Іс-шараға Түркістан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің 300-ге жуық иелері мен басшылары қатысты.