Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде дүкен қызметкері жалған тауарлық несие рәсімдеп алды

Ақтөбеде дүкен қызметкері жалған тауарлық несие рәсімдеп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 ақпанда Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны ұялы байланыс құралдарын сататын дүкенде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жалған тауарлық несие рәсімдеген. Жалған құжаттарға әйел өзі қол қойып, қарыз алушының қолын бұрмалап, содан кейін телефон сатып алған.

Жедел іс-шаралар барысында зардап шегушіге күтпеген жерден қарызды төлеу керек екендігі туралы хабарламалар келе бастағаны белгілі болды. Содан кейін ол мән-жайларды түсіндіру үшін банкке жүгінуге мәжбүр болды. Қаскүнем өзінің кінәсін мойындады.

Сауда нүктесінің бұрынғы қызметкеріне ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтардан қырағы болуды және алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауды сұрайды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру