Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер тұрғынның жоғалған сиырларын тауып берді

Түркістандық полицейлер тұрғынның жоғалған сиырларын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көмектесулерін сұрады. Оның айтуынша, Көксу ауылына қарасты сегіз шақырым жердегі мал жайылымында жүрген екі бас сиыры түнгі уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Аяқ асты жоғалған сиырларын табу үшін тұрғын полицейлерден көмек сұрады.

Аталған ақпаратты алысымен шардаралық тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Осы аймақтың тау-тасын жақсы білетін полицейлер айналаны толық шолып шығып, жоғалған ірі қара малдарды табуға бағытталған барлық қажетті жұмыстарды атқарды. Сондай-ақ, үй малын таситын көліктерді тексерді.

Осылайша іздестіру жұмыстары бір ай бойы үзіліссіз жүргізілді. Соның нәтижесінде, жоғалған сиырлар 10 шақырым жерде орналасқан Көксу ауылына қарасты Тоғай елді мекенінен табылып, егесіне қайтарылды.

Осы орайда сиырларының табылғанына қуанған арызданушы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

– Түнгі уақытта сиырларымды жоғалтып алдым. Өз бетімше іздеп таба алмадым. Содан соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Олар барлық күшті жұмылдырып, малдарымды тауып берді. Тәртіп сақшыларына үлкен рақмет, – деді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру