Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Іздеуде жүрген павлодарлық тұрғын Қарағандыда көлік ұрлап кетті

Іздеуде жүрген павлодарлық тұрғын Қарағандыда көлік ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 ақпанда Қарағанды ​​қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 60 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер көлігін ұрлап кеткен. Жәбірленуші жұмысқа келіп, көлігін тұраққа қалдырып кеткен. Ол кеңседе болған кезде белгісіз біреу күртесінің қалтасынан көліктің кілтін шығарып, кейін көліктің өзін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 5,5 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізген Қарағанды ​​қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала көшелерінің бірінде ұрланған көлікті ұстады. Көлікті 26 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны жүргізген. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Көлік жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың бірнеше ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүргенін анықтады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру