Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына табыстады

Түркістандық полицейлер жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полиция бөлімі әкімшілік практика тобының инспекторы Бақдәулет Ынтымақ, базар маңынан 3 жас шамасындағы кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқап қалған. Содан бірден әрекет етіп, баланың қасына барып, аты-жөнін ,тұратын мекенжайын сұраған. Алайда тілі дұрыс шықпаған бүлдіршін нақты жауап бере алмаған. Ал тәртіп сақшысы оны полиция бөліміне жеткізіп, оның ата-анасын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жұмыстарды жүргізді. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік желідегі чаттарына баланың суреті жіберілді. Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде баланың әкесі анықталып, оған ұлы дін аман тапсырылды.

Дәл осыған ұқсас жағдай Жетісай ауданында орын алды. Бұл жолы полицияға тұрғындардың бірі көшеде жалғыз жүрген 5-6 жас шамасындағы ұл баланы көріп, оның қауіпсіздігі үшін алып келгенін жеткізді. Ал бірден баламен тілдескен полицейлер, оның оқитын мектебін анықтады. Сол арқылы мұғалімдерін тауып, одан кейін ата-анасымен байланысты. Полиция бөліміне келген анасы, 0-сынып оқитын ұлымен қауышты.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, екі жағдайда да балалар ойнап жүріп, жақындарынан алыстап қалған.

Ата-аналар, полицейдің қырағылығына риза болып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру