Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғын алаяққа сеніп, 750 мың теңгесінен айырылды

Түркістандық тұрғын алаяққа сеніп, 750 мың теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол жақын таныс емес әйелге сеніп, оның арбауына түсіп қалған. Яғни, мемлекеттен берілетін жәрдемақыны  шығарып беретінін айтқан алаяқ жәбірленушінің ақшасын алған соң хабарсыз кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 750 мың теңгені құрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшыларының іздестіру жұмыстары оң нәтиже беріп, күдікті жергілікті мекенжайынан ұсталды.

Анықталғандай, күдікті ешқандай жерде жұмыс жасамайтын болып шықты. Қазіргі таңда ол әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру