Түркістандық тұрғын күн сәулесінен қуат алатын құрылғының аккумуляторларын ұрлап кеткен
Түркістандық тұрғын күн сәулесінен қуат алатын құрылғының аккумуляторларын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, Бәйдібек ауданына қарасты ауылдардың бірінде үй сыртында орналасқан күн сәулесінен қуат алатын құрылғының астында тұратын төрт аккумуляторын белгісіз адам жасырын түрде ұрлап кеткенін айтқан.
Келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Хабар алысымен полиция қызметкерлері ауыл сыртында орналасқан мал жайылымына жедел жетті. Осылайша орын алған қылмысты ашуға бағытталған барлық іс-шараларды жүргізді.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, бұрын сотты болған адам жергілікті мекенжайынан ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті адам қараусыз тұрған аккумуляторларға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеп, айналада адамдардың жоқтығын пайдаланып, аккумуляторды жымқырған. Содан соң өзінің досына аккумуляторларды сатып беруін сұраған. Алайда полицейлердің шапшаңдығының арқасында ұрланған заттар тез арада табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда полицейлер күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.