Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанның полицейлері із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қызды тапты

Түркістанның полицейлері із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Өз арызында әйел кәмелет жасына толмаған 15 жастағы қызының үйінен төрт күн бұрын кешкі сағат 20:00-де ешкімге айтпастан шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Ата-анасы қызын өз еріктерімен іздеп, алайда еш нәтиже шықпағанын айтқан. Сарыағаштық полицейлер ата-анасының қызды іздеуге жоғалтқан төот күнін ескеріп, іздестіру жұмыстарына жеке құрамды жұмылдырды.

Сонымен қатар арнайы жедел уәкілдер тобы Шымкент қаласына қарай аттанды. 

Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстары өз нәтижесін көрсетті.

Полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласынан аман-есен тапты.

Белгілі болғандай анасы мен қызы өзара сөзге келіп қалған. Ашуға бой алдырған 15 жастағы қыз Шымкент қаласындағы құрбысының үйіне кетіп қалып, телефонын сөндіріп тастаған. Бүгінгі таңда жоғалған қыз отбасымен қайта қауышты. Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы ретте қызының аман есен табылғанына риза болған анасы, сақшыларға алғысын айтты:

– Жоғалған қызымды тауып берген сарыағаштық полицейлерге үлкен рақмет. Еңбектеріңіз жана берсін.


Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз. Әрбір минут маңызды!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру