Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоңырау шалу үшін: ақтөбелік жігіт ұялы телефонынан айырылып қалды

Ақтөбеде қоңырау шалу сылтауымен жігіттің телефонын алып, алаяқ қашып кетті, – деп хабаилайды Polisia.kz.

Соңғы аптада полицияға Ақтөбенің бірнеше тұрғыны көшеде белгісіз біреу келіп, ұялы телефонын қоңырау шалу үшін алып, телефонмен қашып кеткенін айтты.

Мысалы, 14 шілдеде Тургенев көшесіндегі көлік жуу орнының жанында белгісіз адам 24 жастағы жігітке тиесілі iPhone 11 ұялы телефонын алаяқтық жолмен қоңырау шалу сылтауымен иемденді.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жедел іс-шаралар өткізу барысында 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мұндай өтінішпен келген кезде оларға сенбеуді ұсынады. Егер Сізге жүгінген азамат (азаматша) оның шотында қаражат немесе батарея заряды таусылып қалғанын айтса және ол досына, ата-анасына, балаларына, ауруханаға және тіпті полицияға шұғыл және өте маңызды қоңырау шалу керек деп, сізге жанашырлық сезім тудырса да, қырағылық танытып, оған сізге қажетті нөмір мен жеткізетін қажетті ақпаратты айтуға кеңес беріңіз. Қылмыстық ниетін жүзеге асыратын адам кейін шегінеді немесе қосымша амалдар жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру