Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“102” операторын балағаттаған 23 жастағы көкшетаулық жігіт анықталды

“102” операторын балағаттаған 23 жастағы көкшетаулық жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде түнгі сағат 02:30-да Көкшетау қаласының 23 жастағы тұрғыны мас күйінде “102” желісіне қоңырау шалып, жедел басқару орталығының инспекторы, “102” желі операторының атына балағат сөздер айтты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу міндеттемесі түрінде таңдалды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету үшін заңнамада ҚК жекелеген баптарының қолданысы көзделгенін атап өту қажет.

Мәселен, билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін ҚР ҚК 380-бабының санкциясымен 3 000 АЕК дейін айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұдан басқа ҚР ҚК 380-бабының 3-бөлігіне сәйкес жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ ҚР ҚК 380-1-бабының (Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық) нормасына сәйкес 10-20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру