Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрмысқа шықпақ болған 18 жастағы қыз үйінен қашып кеткен

Түркістан облысында тұрмысқа шықпақ болған 18 жастағы қыз үйінен қашып кеткен. Полицейлер жас қызды Шымкент қаласынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Ол өз арызында 18 жастағы қызының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта үйге оралмағанын айтты. Аталған жайт хабар-ошарсыз жоғалу бойынша тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілді.

Сайрамдық полицейлер 18 жастағы қызды табу мақсатында жақын аймақтарды аралап, көрген білгендерден сұрастырады. Сайрам АПБ-ның ювеналды полиция инспекторлары арқылы қыздың суреттері таратылып, шұғыл әрекеттер атқарылды. Нәтижесінде жоғалған қыз Шымкент қаласында жүрген жерінен табылды. 

Анықталғандай, 18 жастағы бойжеткен жігітімен бірге қыдырып жүрген. Яғни, жас жігітпен танысқан қыз онымен отау құрмақшы болған. Алайда қыздың ата-анасы некеге рұқсат бермеген соң ол қыз жігітімен Шымкент қаласына қашып кеткен. Қазіргі таңда жоғалған қыз табылып, ата-анасына қайтарылды. 

Қызын аман-есен тауып бергені үшін бойжеткеннің анасы полицейлерге ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігіне, қырағылығына алғысын жаудырып, жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру