Тұрмыстық техника дүкенінің директоры маңғыстаулық полицейлерге алғыс білдірді
Тұрмыстық техника дүкенінің директоры маңғыстаулық полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында орналасқан Sulpak тұрмыстық техника дүкенінен белгісіз тұлға ОРРО А74 телефонын ұрлап кеткендігі туралы дерегі бойынша Қарақия ауданы полиция бөліміне арыз келіп түсті.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы күдікті тұлға анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушіге келтірілген шығын толықтай өтелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Полицейлердің жұмысына ризашылығын білдірген Sulpak дүкенінің директоры Полиция департаменті бастығына қызметкерлерінің жедел қызметі үшін өз алғысын жолдады.