Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда 300-ден астам оқушы есірткіге қарсы акцияға қатысты

Таразда 300-ден астам оқушы есірткіге қарсы акцияға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының №47 орта мектебінде 300-ден астам оқушының қатысуымен “Жастар – есірткіге қарсы” акциясы өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Негізгі мақсаты – тұрғындардың назарын нашақорлық проблемасына аудару, жастар арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Полицейлер оқушыларға есірткіні қолданудың зияны және олармен байланысты қылмыстардың салдары туралы нақты мысалдар келтіре отырып айтып берді. Кинологиялық орталығының қызметкерлері арнайы қойылым дайындап, қызметтік-іздестіру иттері есірткі іздеу дағдылары мен құқық бұзушыны залалсыздандыру тәсілдерін көрсетті.

– Нашақорлық мәселесі қазіргі уақытта қоғамға аса қауіпті дерт. Ең қиыны, оған тәуелділіктің бірден пайда болуында. Көп жағдайда, емдеу курсынан өткендер де тәуелділіктен біржола арыла алмайды. Есірткіні бір сәттік қызық үшін пайдаланып, кейіннен оған өмір бойы әуес болудың соңы адам өмірін қор қылады, тіпті өлімге әкеп соғады. Сондықтан өзіңізден бөлек, туыстарыңыз бен жақындарыңызды да ойлаңыздар, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру