Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда

Шығыс Қазақстан облысының колонияларында жоспарлы тінту шаралары өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында барлығы 11 түзеу мекемесі  орналасқан, оларда ұсталатын арнайы контингенттің жалпы саны 4000-ға жуық.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің нұсқауы бойынша Шығыс Қазақстан облысының барлық колонияларында жоспарлы тінту шаралары өткізілді, нәтижесінде 111 тыйым салынған зат, оның ішінде 55 ұялы телефон және 56 аксессуар (құлаққаптар, қуаттау құрылғылары, батарейкалар, шағын флеш-және сим-карталар) тәркіленді.  

Тінту шараларын өткізудің негізгі мақсаты күтпеген жағдайлардың алдын алу және колонияларда құқықтық тәртіпті нығайту үшін сотталғандардан тыйым салынған заттарды алу болып табылады.

Тінту шараларына арнайы прокуратура мен Шығыс Қазақстан облысының ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру