Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада дабыл аспабын қағушылар арасында онлайн сайыс өткізілді

Қызылордалық полицейлердің ұйымдастыруымен дабыл аспабын қағушылар арасында онлайн  сайыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айында Қызылорда облысының оқу орындары арасында дабыл аспабын қағушылар жасақтарының байқауы үшінші рет өткізілді.

Байқау алғаш рет онлайн форматта өтті. Байқауға қатысушылар өз өнерлерін байқау комиссияның қарауына бейнежазба түрінде ұсынды.

Байқауға 20 команда қатысты. Әр команданың өзіндік ерекше стилі болды.  Қатысушылар өз көрсетілімдерінде саптық элементтерді, марштық бағдарламаны және барабанда ойнауды көрермен назарына ұсынды.

Байқауға қатысушыларға марш барабандары мен дипломдар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру