Түзеу мекемесінде онлайн тренинг өткізілді
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 түзеу мекемесінде «Адам есімдері және олардың мағынасы» тақырыбында онлайн тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Pro bono» қоғамдық қоры өкілдерінің қатысуымен онлайн тренинг өтті.
Жеңілдетілген жағдайда ұсталатын жазасын өтеуші азаматтар қатысқан тренингті коуч-тренер Тимур Раушанбекұлы жүргізді.
«Адам есімдері және олардың мағынасы» тақырыбындағы онлайн тренингте Тимур Раушанбекұлы адам есімдері және олардың мағынасы туралы мол мағлұмат берді.
Тренингке қатысушы Асқар есімді сотталған өзінің есімін әжесі асқар таудай азамат болсын деп ырымдап қойғанын айтты.
Тренинг соңында «Pro bono» қоғамдық қорының заңгері Сәуле Абильдаева сотталған азаматтарға қандай-да бір заңгерлік көмек қажет болса хабарласуға болатындығын айтты.