Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлерді тілдеген азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырауда полиция қызметкерлерін тілдеген азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қараша күні сағат 01:35 шамасында патрульдік полиция инспекторлары  Баймұханов көшесіндегі “Магнит” сауда үйі маңында “Hyundai” маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Көлікте болған жолаушы “Instagram” әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, полиция қызметкерлеріне тіл тигізіп, олардың заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

Өткізілген наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес 1997 жылы туған азаматша орташа дәрежелі мас күйде болған.

Полиция қызметкерлері оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігі (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар көлік құралының сыртқы жарық беру құрылғыларының стандарт талаптарына сәйкес еместігі анықталды.

Осыған байланысты 1989 жылы туған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу)  әкімшілік хаттама толтырылып, 27 780 теңге айыппұл салынды. 

Сондай-ақ тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің 50 004 теңге көлемінде төленбеген үш айыппұлы бар екені анықталып, көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру