Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

Павлодар облысында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында бұрын жасалған 19 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында облыс аумағында бұрын жасалған 19 қылмысты ашты, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 15 адам ұсталды.

Учаскелік инспекторлар 2 601 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 493 азаматтың тіркеусіз немесе құжаттарсыз тұрғаны анықталды, 440 адам алкоголь ішкені үшін ұсталды, 237 азамат ұсақ бұзақылық жасаса, 127 жүргізуші жылдамдық режимін арттырған.

454 адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына, 54 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Криминогендік жағдайды сауықтыру, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және алдын алуға бағытталған іс-шара 2020 жылғы 30 қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру