Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан мас күйінде көлік тізгініне отырған

Павлодар облысында сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған азамат қайтадан мас күйінде көлік айдап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 25 қарашада таңғы сағат 05.00 шамасында Павлодар қаласының Камзин көшесінде полицейлер жылдамдық режимін асырған көлік жүргізушісін ұстады. Құжаттарды тексеру кезінде “Лада гранта” автокөлігі жүргізушісінің спирттік ішімдік ішкені байқалды. Сондай-ақ тексеру кезінде 29 жастағы азаматқа көлік тізгініне  отыруға мүлдем тыйым салынғаны белгілі болды, өйткені ол бұған дейін көлік басқару құқығынан сот шешімімен айырылған. Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жіберілді, – деді Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру