Түзеу мекемесінде салтанатты іс-шара өткізілді
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/8 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында мекеме бастығы В.Ким жеке құрамды мерекемен құттықтап, қызмет бабында ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында өткізілген «Тәуелсіздік – тұғырым» атты сурет салу байқауы қорытындыланды.
Бұдан басқа мерекелік шара барысында жеке құрамға Тәуелсіздік жылдарының жетістіктері туралы бейнефильм көрсетілді.