Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жергілікті тұрғындар марапатталды

Павлодар ауданының полиция бөлімінде  Чернорецк ауылының тұрғындары Дінмұхамед Съездұлы мен Наурызбек Бағдатқа қылмыскерді ұстаудағы белсенділігі үшін алғыс хаттар табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі ауданда құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуда халықпен және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жалғастыруда.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Чернорецк ауылының тұрғындары Съездұлы Дінмұхамед пен Бағдат Наурызбекке қылмыскерді ұстаудағы белсенділігі үшін алғыс білдірді және оларға салтанатты түрде алғыс хаттарды табыс етті.

2020 жылғы 22 тамызда Чернорецк ауылының тұрғындары Дінмұхамед Съездұлы мен Наурызбек Бағдат көшеде келе жатып, күдік тудырған бейтаныс адамды байқаған. Ауылда бірнеше ұрлық жасалуына байланысты олар аталған адамды сөзге тартқан. Ер адам олардан қашқақтап, жігіттер оның артынан жүгірген. Олар қашқынды қуып жетіп, жергілікті учаскелік полиция инспекторына қоңырау шалған.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары Павлодар облысы Ертіс ауданының 46 жастағы тумасының Чернорецк ауылында жергілікті тұрғындардың мүліктерін ұрлаумен айналысқанын анықтады.

Осылайша, Дінмұхамед Съездұлы мен Наурызбек Бағдаттың қырағылығы мен белсенді азаматтық ұстанымының арқасында күдікті ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру