Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындар учаскелік полиция инспекторына алғыстарын білдірді

Павлодар қаласының тұрғындары учаскелік полиция инспекторына алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының атына келіп түскен алғыс хатта жергілікті тұрғындар Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Асхат Қамзинге алғыстарын жеткізген.

Облыс орталығында орналасқан Камзин көшесіндегі 350-үйдің тұрғындары тәртіп сақшыларын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, өз учаскелік полиция инспекторы туралы жылы лебіздерін білдірген.

– Құрметті Нұрлан Мырзаханұлы! Павлодар облысы Полиция департаментінің ұжымын және сізді басты мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіз, Сіздерге қиын қызметте денсаулық пен сәттілік тілейміз. Басты мерекенің қарсаңында Камзин көшесіндегі 350-үйдің тұрғындары атынан біздің Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Асхат Қамзинге алғысымызды білдіргім келеді. Бұл өзінің аумағын жақсы білетін адал, кәсіби және жанашыр полиция қызметкері. Ол өз ісінің шебері болып табылады, тәуліктің кез келген уақытында тұрғындардың өтініштері мен сигналдарына жауап береді. Ол әрқашан өз учаскесінің тұрғындарына, ісімен, сөзімен және кеңесімен көмектесуге дайын. Ашығын айтқанда, Асхат сияқты полицейлер сирек. Оның принципшіл позициясы арқасында оған сеніп тапсырылған учаскеде, сондай-ақ өзге де орындарда әрқашан тәртіп орнатылған деп айтуға болады, үйлердің кіреберісінде нашақорлар мен ішімдікке бейім адамдар жиналмайды. Ол алдын алуға басты назар аудара отырып, құқық бұзушылықтармен күреседі. Сонымен қатар ол әрқашан әдепті әрі шыдамды. Облыстың Полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлеріне, әсіресе біздің шериф Асхат Қамзинге үлгілі қызметі үшін тағы да алғыс айтамыз. Оған денсаулық, сәттілік тілейміз делінген тұрғындардың алғысында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру