Түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден үш SIM-карта табылды
Абай облысының түзеу мекемесіне сәлемдеме ретінде келген дәрі-дәрмектің ішінен үш SIM-карта табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Абай облысы Семей қаласындағы №20 мекемесінде сотталғандардың біріне келген сәлемдемені тексеру барысында дәрі-дәрмектің қорабынан үш SIM-карта мен ойын картасы тәркіленді.
Бұл сәлемдемені Оңтүстік Қазақстанның тұрғыны, аса ауыр қылмысы үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушыға жолдаған.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жиналды. Сәлемдеме жіберушіге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе ескерту жасалады.