Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жасөспірім отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп қалған

Ақмолада жасөспірім отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қосшы қаласының полиция бөліміне Тайтөбе ауылының тұрғыны жүгінді. Мазасызданған әйел полицейлерге 10 қарашада сағат 13:00 шамасында оның 9 жастағы қызы үйден Косшы қаласына қарай кетіп, оралмағанын айтты.

Қыздың телефоны өшірулі болған. Өздігінен іздеу сәтсіз аяқталғаннан кейін, әйел тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Баланы іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталды. Ақмола облысының полиция бөлімшелеріне және көрші қалаларға бағдар жолданды.

Іздестіру барысында полицейлер жақын маңдағы аумақтарды тексеріп, қандай да бір ақпаратқа ие болуы мүмкін куәгерлерден сұрастырды. Сонымен бірге қыз Астанада, Көкшетауда және Қосшы қаласында ізделді.

Іздеу іс-шараларының нәтижесінде қыздың Қосшы қаласына маршруттық автобуспен барғаны, содан кейін Тайтөбе ауылына оралып, туыстарында болғаны анықталды.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары 9 жастағы қыздың үйдегі адамдармен жанжалдан кейін кетіп қалғанын анықтады. Ақмола облысы ПД ювеналдық полициясы бөлімінің ақпараты бойынша облыс орталығында жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмағандар туралы 75 өтініш тіркелген. Қуанышқа орай барлық балалар табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру