Түзеу мекемесінің жеке құрамы Тәуелсіздік күнін атап өтті
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – еліміздің маңызды мерекелерінің бірі. Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының символы болып саналады.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шарада ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған төрт жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Сондай-ақ мекеменің зейнеткерлерін құрметті демалысқа шығарып салу ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу құрметіне және лауазымдық міндеттерін адал және үздік атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер грамоталармен марапатталды. Іс-шара мекеме қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.