Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

30 тәртіп сақшысы алғашқы қызметтік куәліктерін алды

Алматы қаласының Полиция департаментінде 30 жас сақшыға алғашқы қызметтік куәліктері табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл көрнекті оқиға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырылған. Іс-шара  Алматы қаласы Полиция департаментінің мұражайында өтті.

– Алғашқы қызметтік куәліктерді табыс ету рәсімі бай, бірақ сонымен қатар күрделі тарихы бар мемлекеттік мереке қарсаңында өткендігі кездейсоқ емес. Мақсат – ең құнды нәрсе – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау сеніп тапсырылған ішкі істер органдарының жас ұрпағын рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Дәстүр бойынша бұл шара Ардагерлер кеңесінің төрағалығымен өткізіледі. Халыққа, елге үлгілі қызмет етудің үлгісі бойынша жас жедел уәкілдер, тергеушілер, патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде дұрыс бағыт алады және оны мақсатты түрде орындайды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру