Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыл еңбеккері М.Тымчуктың еңбегі

Солтүстік Қазақстан облысының ювеналдық полицейлері Жеңіс күнінде тыл еңбеккерлеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

81 жастағы Мария Тымчук үшін ерекше сыйлық 9 мамыр қарсаңында ювеналдық полиция қызметкерлерінің келуі болды. Мамыр мерекелеріне дейін бірнеше күн бұрын зейнеткер полицейлермен көшеде танысқан болатын. Патрульдеу уақытында ювеналдық полиция басшысы Эльмира Абушева мен аға инспектор Константин Петров аялдамада жалғыз отырған әжейді байқайды. Зейнеткер полицейлерге көмекке мұқтаж еместігін айтты, бірақ әңгімелесу барысында өзі тартқан тағдыр тауқыметі жайлы ой бөлісті.

Еңбек ардагері, сұрапыл жылдарда концлагерьде болған кезі еміс-еміс есінде екендігін, оның көбі анасының айтуынша жадында сақталғанын айтты. Жараланған немістер үшін балалардан қан алуы бес жастағы қыздың мәңгі есінде қалған. Тағдырдың жазуымен тірі олар Смоленск қаласының түбіндегі туған өлкесіне келгенде ондағы үйдің орны қалғанын байқайды. Өз әңгімесін полиция қызметкерлері үйіне келген кезде жалғайды.
Полицейлер зейнеткердің жалғыз өзі ғана тұратынын, қазіргі уақытта егде жастағылардың үйлерінен шығуға болмайтынын назарға алып, қарт анаға азық-түлік әкелді.

«Майдангерлер мен соғыс жылдарының ауыртпалығын көрген жандардың күн санап, қатары сиреп бара жатқаны жаныңа ауыр тиеді. Біздің мақсатымыз келер ұрпаққа елді жауға бермей, еркіндікті сақтап қалған ұлы адамдар туралы естелікті сақтап, жеткізу. Әр кез олардың естеліктерін тыңдай отыра, біз тың деректер жайлы білеміз», – дейді Эльмира Абушева.

Қазір Мария Александровна жалғыз тұрып жатыр. Ұлы Ресейде тұрады. Полиция ведомствосынан келген қонақтарға ол қатты қуанды, өйткені ең бастысы қариямен әңгімелесіп, ой бөлісу, көңілін аулаудан асқан сый жоқ деп білемін. Ол өзінің альбомы мен мемлекетке сіңірген еңбегі, оның ішінде ұзақ жылдар бойы өзінің еңбек және қоғамдық қызметі үшін алған наградаларын көрсетті.

Ювеналдық полицейлер басқа да соғыс жылдарын басынан өткерген еңбек ардагерлерін құттықтады. Тыл еңбеккері Катя Әуелбекова, еңбек ардагері Бернадка Левкович те өз естеліктерімен бөлісті.

«Бейбітшілік – бұл өмірін қатерге тігіп, жеңіске жеткен әкелеріміз бен аталарымыздан қалған басты байлығымыз. Бейбіт өмір мәңгі сақталсын, баршаңызға мереке құтты болсын», – деп тілек білдірді Бернадка Ипполитовна.


Ювеналдық полицейлер балалармен жұмыс істей отыра, сол сұрапыл соғыс жылдарындағы балалардың басынан өткізген ауыр тағдырын терең сезінеді. Жеңіске жетуге, әскери буынның еңбектерімен ерлік жасауына дем берген патриоттық рухты өз қамқорлығындағы балаларға жеткізе алатындығына сенеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру