Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткінің күшімен көлік айдап, есіріп жүр

Ақтөбе облысында полицейлер мереке күндері есірткі пайдаланып, көлік жүргізген үш жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 мамыр күні Шалқар қаласының Жұбанов пен М. Сыдықұлы көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері 30 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ-21015» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, есірткі пайдаланып көлікті басқарған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

9 мамыр күні Ақтөбе қаласы Есет-батыр көшесі мен Ә. Молдағұлова даңғылының қиылысында 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ваз 21099» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Жүргізуші бұрын көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін  көлік басқару  құқығынан айырылған. Сараптама нәтижесі жүргізуші есірткелік және алкогольдік мас күйінде екенін көрсетті. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

10 мамыр күні полиция қызметкерлері Ағайынды Жұбановтар көшесінде қызмет атқару кезінде 25 жастағы жүргізуші басқаруындағы «Опель-Астра» автокөлігі тоқтатқан. Ол көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра, алкогольдік және есірткелік масаң күйде көлік жүргізген. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында ҚР ҚК-нің 346 бабы бойынша (көлік құралдарын алкогольдік мас күйінде жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) 69 факті анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда көлік құралдарын мас күйінде басқарған, көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не өмір бойына көлік құралын айдау құқығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындардың алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауын сұрайды және ескертеді. Сіздің ойламаған іс-әрекеттерінен кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру