Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбеде бұрын көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңнамалардың қатаңдығына қарамастан көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілердің көлікті мас күйінде жүргізу фактілер орын алып жатыр.

10 мамыр күні кешке 1999 жылы туған “Тойота Камри” автокөлігінің жүргізушісі Бейбітшілік даңғылы жағынан Тілеу батыр көшесі бойымен “Тұмар” қонақ үйіне қарама-қарсы келе жатып, мас күйінде бола тұра қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендету немесе қауіпсіз айналып өту шараларын қолданбады. Соның салдарынан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

1959 жылы туылған жаяу жүргінші жедел жәрдем ауруханасы реанимациялық бөліміне түсіп, алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі 3-тармағы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындардың алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауын сұрайды және ескертеді. Сіздің ойламаған іс-әрекеттерінен кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру