Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Желіде тараған бейнедегі екі BMW жүргізушілері ұсталды

Әлеуметтік желіде тараған бейне жазбадағы жол ережелерін бұзған екі BMW маркалы көлігі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері 8 мамыр күні сағат 11.30 шамасында Атырау қаласы Сатыбалдиев көшесі бойында жол ережесін бұзған 1988 және 1996 жылғы жүргізушілерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабының 1-бөлігі, (маневр жасау қағидаларын бұзу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға соғады), 599-бабының 1-бөлігі (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады), 630-бабының 1-бөлігімен (жол құрылыстарын бүлдіру – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) хаттамалар толтырылды.

Ал 1996жылғы жүргізушіге бұдан басқа ӘҚБтК 476-бабының 1-бөлігімен де әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру