Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ режимін бұзушылар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында сақшылар ТЖ режимінің бірқатар бұзушылықтарының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуір күні Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері карантинде болудан бас тартқан Сергеевка қаласының 1962 жылы туған тұрғынын ұстады. Коронавирустық инфекцияны жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған ер адам орталық аудандық ауруханадан өз еркімен кетіп қалған.


Полиция қызметкерлері оны емдеу мекемесіне қайтарды. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды.

«Бұл жағдай карантин талаптарын сақтауға міндетті адамдардың бұзушылық жасауының ауданымызда орын алып отырған екінші фактісі», – дейді аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Бейбіт Шәниев. – Осыған дейін 6 сәуір күні аудандағы ауылдардың бірінің тұрғыны блок-бекет арқылы аудан орталығына өтпек болды. Тексеру барысында ер адамның үй жағдайындағы карантинді сақтауға жататын тұлғалар тізімінде екені анықталды. Аудандық полицейлер блок-бекеттерді айналып өтпек болған тағы екі жүргізушінің жолын кесті. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу)бойынша жауапкершілікке тартылды».

Тәртіп сақшылары енгізілген шектеу шараларының қауіпті инфекцияның таралмауына бағытталғанын ескертеді. Адамдардың денсаулығы мен өмірлері төтенше жағдай режимі талаптарының қатаң сақталуына тікелей байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру