Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қауіпсіздік шараларын сақтамаған дүкеншіге айыппұл салынды

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 584 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

17 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 584 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) 558 құқық бұзушылық,124 адам қамауға алынды, 180 айыппұл салынды, 225 ескерту жасалды, 20 материал сотқа жіберілді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайындақұқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 26 бұзушылық анықталды, оның 14-іне айыппұл салынды, 12-сі қамауға алынды.

Шалқар ауданындағы 49 жастағы азық-түлік дүкенінің сатушысына полиция қызметкерлері 476-баптың 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, ол жұмыс орнында маска және медициналық қолғап кимеген. Әкімшілік сот дүкен сатушысы 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік айыппұл салды.

Басқа жағдайда азық-түлік дүкенінің иесі Мұғалжар ауданында сағат 22:00-ден кейін дүкен жұмысын жалғастырды. Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алып жатыр, мұндай 30 бұзушылық анықталды.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру