Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Режим бұзушылар қалай ақталады?

Іле ауданы Боралдай кентінің полиция бөлімі басшысы Байзиханов ТЖ тәртібін бұзушылардың танымал ақталу жолдарын айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде төтенше жағдайдың және бірқатар аймақтарда карантин режимінің енгізілуіне орай Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің полиция бөлімі басшысы Бейбіт Байзихановтың жұмысы тосқауыл-бекеттермен тікелей байланысты.

«Күшейтілген карантинге қарамастан, әлі де полиция бекеттерінен өтпек болатын және тосқауыл-бекеттерді айналып жабық аумақтарға кіруге ұмтылатын азаматтар бар. Мысалы, Алматы қаласына бағыттанған карантинді бұзушылардың негізгі ағыны түрлі жолдармен Боролдай кенті арқылы өтпек болады. Осындай құқық бұзушыларды күн сайын , түрлі қиын жағдайларда, километрлеп жүгіру арқылы ұстауға тура келеді. Көбінесе, тәртіп бұзушылар құрылыстар арасымен қашып кетуге немесе сонда жасырынуға тырысады», – деп Іле ауданы Боралдай кентінің полиция бөлімі басшысы Бейбіт Байзиханов өзінің қызметіндегі ерекше жағдаймен бөлісті.


Нәтижесінде, сот шешімімен ұсталған барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік қамаққа алынады.

«Алматы қаласымен шектесетін тосқауыл-бекеттерде біз тәулік бойы қоғамдық тәртіпті күзетеміз. 18 наурыздан бастап мен бірде-бір рет өз үйімде болмадым. Бұл жағдайға менің отбасым да түсіністікпен және құрметпен қарайды. Біз телефон арқылы тілдесеміз. Әрине, балаларым мені сағынады, алайда Отан алдындағы борыш пен қызмет- менің кәсібімдегі маңызды ұғымдар. Өйткені, біз еліміздің қоғамдық қауіпсіздігін, оның ішінде өзіміздің балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», – дейді Бейбіт Байзиханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру