Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ режимін бұзғандар анықталды

Алматы облысында төтенше жағдай кезінде лотереялық клуб жұмысын тоқтатпағаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде төтенше жағдай тәртібін сақтамағандар жеке және лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.


Алматы облысының тәртіп сақшылары таң қараңғысын пайдаланып, сағат 4-00 шамасында карантинге жабылған Алматы қаласының аумағына заңсыз өтуге әрекет еткен Іле ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Өзімен қатар өзгенің де денсаулығына қауіп төндірген тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамаққа алынды.


Тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде төтенше жағдай кезінде қойылған шектеулерге қарамай, кәсібін жүргізіп, жауапсыздық танытқан тұрғындарды жауапқа тарту шараларын қабылдады.


Облыс орталығында лотореялық клуб жұмысын тоқтатпаған 27 жастағы тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.


Карантин уақытында сағат 20-00 кейін саудағы тыйым салынса да, полицейлер кәсібін жалғастырудың алты дерегін әшкереледі.


Облыстық полицейлер карантин уақытында тәртіп пен санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Коронавирус індетінің жаппай таралуының алдын алу мақсатында облыстағы барлық қала-аудандарда санитарлық бекеттердің қойылуына байланысты сақтық шараларына түсіністікпен қарап, талаптарын орындау қажеттілігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру