Уәдесін орындамай, ер адамды алдап кеткен маңғыстаулық алаяқ қолға түсті
Маңғыстау облысында алаяқ тұрғынның ақшасын алып, уәдесінде тұрмады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түпқараған аудандық Полиция бөліміне алаяқтық туралы арыз түсті. Өтініш берушінің айтуынша, ер адам дизель отынын жеткізуге уәде беріп, ол үшін 150 мың теңге төлеген. Алайда ер адам дизель отынын да, ақшаны да қайтарған жоқ.
Полиция қызметкерлері күдікті ретінде Ақшұқыр ауылының тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Естеріңізде болсын, тауардың төмен құны сізге күдік тудыруы керек. Егер сатушы оған сатып алынған зат үшін толық немесе ішінара алдын-ала төлем жасауды талап етсе, бейтаныс адамға қаншалықты сенуге дайын екеніңізді ойлаңыз.