Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында 2 ер адам көшеде есірткімен ұсталды

Маңғыстау облысында екі ер адам көшеде есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 7 қазаны сағат 11:00 шамасында Ақтау қаласының полиция қызметкерлері 31Б шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында Мұнайлы ауданының тұрғынын ұстады.

Полицейлер ер адамнан “марихуана” есірткі затының екі түйінін тапты. Алынған есірткінің салмағы 2,1 граммды құрады.

Осыған ұқсас дерек 9 қазанда да орын алды. Тәртіп сақшылары 22 шағын аудандағы “Кәусар” дүкенінің жанында 34 жастағы ер адамды ұстады. Одан салмағы 2 грамм ақ түсті есірткі заты табылып, тәркіленді. Белгілі болғандай, бұл “мефедрон” есірткі заты болып шықты.

9 қазанда “Алатау” сауда орталығының жанында салмағы 1,55 грамм “марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленген ер адам ұсталды.

Сол күні Мұнайлы ауданында полиция қызметкерлері Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғынын ұстады. 47 жастағы ер адамнан “марихуана” есірткі заты табылды. Алынған заттың салмағы – 1,68 грамм.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Құрметті облыс тұрғындары, Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымына және оған қатысы бар адамдар туралы ақпаратқа байланысты мәселелер бойынша 8-777-289-54-80 нөмірі (WhatsApp қосымшасы тәуліктің кез келген уақытында) және “102” нөмірі бойынша жедел желі телефонына хабарласуға болатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру