«Учаске»: Түркістан облысының полицейлері 1500-ден астам әкімшілік хаттама толтырды
Түркістан облысының полицейлері 1500-ден астам әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Республика көлемінде өтіп жатқан «Учаске» жедел профилактикалық ic-шарасы барысында, Ордабасы АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда Ордабасы ауданы аумағында көшелерде және басқада қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында, учаскелік полиция инспекторлары барлығы 9300 пәтерлер мен тұрғын үйлерге тексерулер жүргізді. Оның ішінде жалға берілетін пәтерлерге де көп көңіл бөлінді.
Ордабасы ауданының полиция қызметкерлерімен «Учаске» ic-шарасы барысында аудан көлемінде бүгінгі таңға дейін жалпы 1352 әкімшілік хаттама толтырылған. Тарқатып айтар болсақ: ӘҚБтК 608-бабымен (Масаң халде автокөлік басқару) алты азамат анықталып аудандық соттың қаулысына сәйкес жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған. 406-бабы (Құжатсыз мал тасымалдау) бойынша жеті жайт анықталып, жинақталған ic-құжаттар тиісті орынға жолданды. Учаскелік полиция инспекторларымен 503 азық-түлік, құрылыс дүкендері мен сауда орталықтарына тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 19 тұрғын тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерілді.
Сондай-ақ аталмыш іс-шара барысында Арыс АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен жалпы 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша – 20, 492-бабымен (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 45, 441-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырылса, 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) тоғыз әкімшілік хаттама түзілген.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері облыс тұрғындарынан ең алдымен қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қолдауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.