«Учаске» ЖАІШ: Маңғыстау облысында 9 мыңнан астам тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды
Маңғыстау облысында тоғыз мыңнан астам тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көп қабатты және жеке үйлердің пәтерлерін, соның ішінде саяжай учаскелерін аралайды. Іс-шара басталғаннан бері 322 пәтер анықталып, 500-ден астам жалдамалы пәтер тексерілді. Мемлекеттік кірістер органдарына 322 ақпарат жолданды.
Тәртіп сақшылары базарларда және өзге де сауда орындарында рейдтер жүргізді. Онда белгілі тұрғылықты жері жоқ 339 адам анықталып, ұсталды, оның ішінде 291 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Қайыршылық пен қаңғыбастық үшін 900-ден астам кәмелетке толмаған бала ұсталды. Оның ішінде төрт кәмелетке толмаған алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін, 91 бала заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін, 769 кәмелетке толмаған қаңғыбастық үшін және 91 жасөспірім қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды.
Сонымен қатар, рейд барысында полиция ІІО есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексерді.
Статистика бойынша, Маңғыстауда Ішкі істер органдарының есебінде 3 952 азаматтық қару иесі тұр. «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаруды сақтау ережелерін бұзудың 79 фактісі тіркеліп, оның ішінде 25 қару тәркіленді. 20 тұрғын қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін бұзып, алты қаруды полиция қызметкерлері тәркіледі. Сонымен қатар, тіркелмеген жеті атыс қаруы анықталып, тәркіленді.
Аталған кезең ішінде 9 588 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 358 азамат, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 148 ата-ана мен заңды өкілдер, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 164 бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы бойынша көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін 245 бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, 359 адам ұсақ бұзақылық үшін, 1080 адам жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, 29 адам қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін және 1030 адам алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені үшін тартылды.
Полиция қызметкерлері ел аумағында тіркеусіз тұратын 1700-ден астам адамды, екі әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы бұзушылықты, тұрғын үй иесінің немесе басқа тұлғалардың нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруінің 16 бұзушылығын (ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы) және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың халықтың көші-қоны саласындағы 446 бұзушылығын анықтады.
Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.