Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 50-ге тарта патрульдік полицей донорлық акцияға қатысты

Солтүстік Қазақстан облысында 50-ге тарта патрульдік полицей донорлық акцияға қатысу үшін Қан орталығына келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері облыстық Қан орталығымен өткізілген “Донор күні” акциясына қатысты.

Еріктілердің басым бөлігі – СҚО Полиция департаментінің және Петропавл қ. Полиция басқармасының патрульдік полиция батальондарынан. ППБ қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының салдарымен қылмыс және ТЖ орындарында жұмыс істейді, олар донор қанының құнын жақсы түсінеді.

– Тапсырылған қанның әр дозасы – біреудің аман алып қалған өмірі. Құқықтық тәртіп қызметі айналадағыларға жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Біздің кәсіби міндетімізге құқықтық тәртіпті қорғаумен қатар, адамдардың өмірлері мен денсаулықтарын сақтау кіреді. Сондықтан қан тапсыру мен үшін, менің әріптестерім үшін адами парыз, – дейді донор акциясына ұдайы қатысып тұратын Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Мұрат Ысмайылов.

Полицейлер – Қан орталығы дәрігерлерінің сенімді резерві, олар денсаулықтарымен, тәртіптерімен, дамыған дене бітімдерімен ерекшеленеді.

Дәрігерлер әр ерікті донорды мұқият тексереді, қойылатын талап жоғары. Рұқсат алғандары донорлық қан қорына 450 миллилитрден қан тапсырады. Донорлық қан қорын толықтыруға патрульдік полицияның 50-ге тарта қызметкері келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру