Учаскелік полиция инспекторлары 54 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады
Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік полиция инспекторлары 2020 жылы 54 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ жүйесінде өткен жыл «Учаскелік полиция инспекторы жылы» болып жарияланды. Солтүстікқазақстандық полицейлер бұл қызметті жетілдіру бойынша жұмысты қорытындылады.
СҚО аумағында 202 учаскелік полиция пункті орналасқан, оның 13-і – Петропавл қаласында. Оларда 289 учаскелік инспектор мен учаскелік инспектордың 70 көмекшісі қызмет көрсетеді. Нормативтер бойынша қалалық жерде инспекторға 2300 адам, ауылдық жерлерде 1200 адамнан келеді. Бұдан басқа, әр төрт инспекторға олардың жұмысына жауапты бір қызметкер бекітілген, ол қосымша 1000 адамға қызмет көрсетеді.
– Учаскелік инспекторларды техникалық жабдықтау қызметті дамытуға мықты серпін болды. Бүгінгі таңда олардың қарамағында 181 бірлік компьютерлік техника, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімімен электронды форматта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 269 планшет, 201 мобильді бейнетіркегіш, 145 қызметтік көлік бар. Бұдан бөлек, республикада алғашқылардың бірі болып петропавлдық учаскелік полиция пункттері бейнебақылаумен жабдықталды. Цифрлық ортаға қосылу азаматтардың өтініштерін жылдам әрі тиімді қарастыруға септігін тигізеді, есептегі контингентті бақылауға уақыт береді, — деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.
Өткен жылы СҚО-да учаскелік инспекторлар 54 мыңнан астам құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты. Оның 10 мыңнан астамы масаң күйде қоғамдық орындарға келгендер, 3300-ден астамы бұзақы, 2600 астамы түнде тыныштықты бұзғандар болып табылады. Бұдан басқа, учаскелік инспекторлар 2536 қылмыс ашты.