Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлықшы әйел телефонды иесіне қайтарды

Алматы облысында телефон ұрлаған азаматша телефонды иесіне қайтарып берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 7 қаңтарында сағат 13.00 шамасында Жамбыл ауданының кезекші бөліміне Қыдырбекұлы ауылының 44 жастағы тұрғыны бутиктің сөресінен құны 95 000 теңге тұратын ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен жедел уәкілдер жәбірленушінің ұрлық орын алғаннан кейін өз телефонына полицияға ұрлық туралы хабарлағаны және оны іздеп-тапқанша телефонды қайтаруды сұрағаны туралы хабарлама жібергенін анықтады.

Біраз уақыттан кейін Ұзынағаш ауылының 31 жастағы тұрғыны бутикке оралып, ұрланған телефонды иесіне қайтарып, қылмысын мойындаған.

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолдана отырып, оңай олжа тапқысы келген адамның іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру