Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция – тыныштық күзетшісі

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ермахан Абдраманов  учаскелік полиция инспекторларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғаммен ашық тіл табысу, азаматтардың сеніміне ие болу, атқарылған жұмыстарды ашық көрсету және көпшілікпен бірлесе қылмыстың алдын алу жұмыстары әрбір учаскелік полиция инспекторының басты мақсаты. Оларға артылатын жүк ауыр. Сондықтан да қоғамдық тәртіпті сақтауда әрдайым шепте тұратын олардың қызметі қашанда өзекті. Осы тұрғыда Қызылорда облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Ермахан Абдраманов Қызылорда қаласы Полиция басқармасына қарасты барлық учаскелік полиция инспекторымен кездесіп, олардың жұмысымен танысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрімен өткізілген жиындағы учаскелік полиция инспекторларына берілген тапсырмаларды және “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезеңінде атқарылған жұмыстардың жай-күйі туралы мәселелері талқыланды.

Ермахан Абдраманов азаматтардың өтініштеріне жедел жауап берудің, профилактикалық жұмысты арттырудың және халықпен тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды. Ол учаскелік полиция инспекторларының қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды буын екенін, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі тұрғындардың тыныштығы мен әл-ауқатына әсер ететінін атап көрсетті. Министр айқындаған басты талаптар мен берілген тапсырмаларға тоқталып, жіті түсіндірді.

Жиналыс барысында департамент басшылығы учаскелік полиция инспекторларының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Ермахан Абдраманов құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтудің және азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударып, әр учаскелік инспектордың жауапты көзқарасы құқық тәртібін нығайтуда елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру