Үй-жайды заңсыз жалға беру деректері анықталды
Тараз қаласының ПБ 1-ПБ аумағында «Әкімшілік аумақ» атты жедел профилактикалық іс шара өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Әкімшілік аумақ» ЖПШ-на Тараз қаласының ПБ 1-ПБ ЖПҚБ 32 учаскелік полиция қызметкерлері жұмылдырылды, жалпы іс-шара бойынша тәулік ішінде 7 851 пәтер, 4 414 жер үйлер тексеріліп, учаскелік полиция инспекторлары жеке визиткаларын таратты. Үй жайларды тексеру барысында 59 үй-жайды заңсыз жалға беру дерегі анықталды.
Сонымен қатар іс-шара барысында тұрғылықты мекен-жайы жоқ алты адам анықталып, қабылдап-тарату орнына жеткізілді. Ал, кәмелет жасқа толмағандардың бейімдеу орталығына 21 жасөспірім жеткізілді. Тіркелген азаматтық аңшылық атыс каруларының 360 иесі тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерумен қамтылып, нәтижесінде қаруды тіркеу қағидаларын бұзудың алты дерегі анықталып, екі тіркелмеген атыс қару анықталды. Сонымен қатар іс-шара басынан бастап, ҚР ӘҚБтК-нің 73, 200, 204, 434, 434-2, 440, 492 және т.б., баптары бойынша барлығы 970 әкімшіліқ құқық бұзушылықтар анықталды.