Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік ұрлаған ұры ұсталды

Таразда автокөлік ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 24 қыркүйегінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын бірнеше автокөлік ұрлығын жасады деген күдікпен ұстады.

Тергеуге дейінгі тексеру барысында барлық ұрлық түнгі уақытта мөлтек аудандардағы тұрғындарының үй кіреберістерінің жанында тұрған автокөліктерден жасалғаны анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, автомагнитолалар, колонкалар, буферлер, сондай-ақ заттар салатын жәшік ішіндегі басқа да заттар ұрының олжасы болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды күзетілетін автотұрақтарда (тұрақтарда), гараж бокстарында немесе күзетілетін нысандарда ғана автокөліктерді қалдыру қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру