Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй жануарларына жарық шағылыстыратын алқалар тағылды

Қызылордалық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көлік қозғалысына кедергі келтіретін үй жануарларына жарық шағылыстыратын алқалар тағуға кеңес береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төрт түліктің жол бойында қараусыз жайылып жүруі көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Әсіресе, көктемгі уақытта үй жануарларын бағу ережелерінің сақталмауы салдарынан қараусыз малдардың жолға шығу деректері жиі орын алады.

Қараңғы мезгілде малдарды жол маңында жаюға, қараусыз қалдыруға тыйым салынған. Алайда, бұл талаптар мал иелері тарапынан тиісті деңгейде орындалмайды.

Автомобиль жолында малдардың қараусыз жайылып, жолға шығу салдарынан орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары алаңдатады.

Былтыр республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» автомобиль жолының бойында мал қағудың сегіз дерегі орын алып, оның салдарынан екі адам қаза болып, 13 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Полиция департаментінің жауапты қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мал иелері тарапынан төрт түлікке жарық шағылыстыратын алқалар тағу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жарық шағылыстыратын алқалар тағудың маңыздылығы, жол- апаттарының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз жүруіне және түнде алыстан жарық шағылыстырылса,
жүргізушілер тарапынан көлік құралын бәсеңдетіп, қырағылық танытатындығына тікелей әсерін тигізеді.

Қызылорда облысының Полиция департаменті мал иелерін қала аумағында және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында малдардың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыру мүмкін екендігін ескертеді.

Жолдың жүріс бөлігінде жүрген мініс малын немесе табынды айдаушыларды анықтаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына аяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес әкімшілік шара қарастырылғандығын жеткіземіз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру