Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суға шомылу маусымы кезеңінде Елорда тұрғындарын қоғамдық жұмыстарға шақырады

Суға түсу маусымына дайындық аясында қоғамдық жұмыстарды Елорда тұрғындары арасында жүзеге асыру үшін қала әкімдігі алдын ала кәсіби даярлықты қажет етпейтін еңбек қызметіне тұрғындарды қабылдайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмысқа шығу 2020 жылдың аяғына дейін ауыспалы түрде, ай сайын 73 100 теңге еңбек ақысын төлеумен жүргізілетін болады.

Жұмысқа қабылдау “Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ жүргізіледі. Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, тел. 55-89-35, 8756540709.

Барлық ниет білдірушілерді Жұмыспен қамту орталығына (202/2 каб.) келуге және 2020 жылғы суға шомылу кезеңінде елорда тұрғындары мен қоңақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру