Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйден теледидар ұрланды

Түркістан облысының полицейлері теледидар ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол күндізгі уақытта үйінен жұмыстарымен шығып, кешке сағат 18:30-дар шамасында үйіне келгенінде «LG» маркалы 123 см диоганальды теледидары жоқ екенін байқайды. Содан полицейлерге шағымданып, ұрыны ұстауға көмек беруін сұраған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300.000-ға жуық теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің188-бабы «Ұрлық« бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер жақын аймақтарды аралап, бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушінің теледидарын ұрлаған өзінің немересі екенін анықтады. Күдікті АПБ-не жеткізілді.

Тергеу барысында күдікті әжесінің үйіне ашық тұрған терезесі арқылы кіргенін айтты. Содан ұрланған теледидарды ломбардтардың біріне 150 000 теңгеге өткізгенін, ақшасын өз қажеттілігне жаратқанын мойындады. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз үйіңізге, мал-мүлкіңізге барынша сақ болуды ескертеді. Аулаңызға бейнебақылау камераларын орнатып, есіктеріңізге сенімді құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатуға кеңес береді. Мұндай қауіпсіздік шаралары сіздің үйіңізге көзі түскен ұрылардың жолын кесетінін ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру